Жария оферта
Редакция: 2026-11-11
1. Жалпы ережелер
Бұл құжат — AinHouse Pay сервисін (pay.ainhouse.kz, бұдан әрі — Сервис) пайдалану шартының жария офертасы. Сервистің иесі (бұдан әрі — Оператор) деректемелері осы беттің соңында көрсетілген.
Жеке кәсіпкер не заңды тұлға (бұдан әрі — Пайдаланушы) тіркелу кезінде «Мен жария офертаны қабылдаймын» белгісін қойып, офертаны толық қабылдайды. Келісім сәті, редакциясы және IP-мекенжайы сақталады.
2. Сервистің мәні
- Сервис — Пайдаланушының сайты мен оның өз Kaspi Pay кассасы арасындағы техникалық қабат: Пайдаланушының тапсырмасымен оның кассасының атынан Kaspi QR мен шоттар жасайды, төлем мәртебесін бақылайды және Пайдаланушының сайтына хабар (webhook) жібереді.
- Сатып алушы төлеген ақша тікелей Пайдаланушының Kaspi шотына түседі. Оператор ақша қабылдамайды, ұстамайды, аудармайды және Пайдаланушының атынан есеп айырыспайды. Оператор төлем жүйесі, төлем агенті не агрегатор емес, Пайдаланушымен агенттік шарт жасамайды.
- Сервис фискалдық чек шығармайды. Kaspi QR арқылы сатылымға чекті Пайдаланушы өзі шығарады (мысалы, Kaspi Pay ішіндегі Kaspi Касса арқылы).
3. Kaspi-ге қатысты ережелер және тәуекел
- AinHouse Pay — Kaspi.kz АҚ-ның ресми серіктесі емес және Kaspi-мен шарттық қатынаста емес. «Kaspi» атауы Сервистің неге арналғанын сипаттау үшін ғана қолданылады.
- Пайдаланушы кассаны қосарда растайды: кассир нөмірі — Пайдаланушының қызметкерінің (кассирдің) нөмірі, оны Kaspi Pay-де Пайдаланушы өзі қосқан. Бұл растау уақытымен және оферта редакциясымен сақталады.
- Kaspi Pay-мен жұмыс ережелері Kaspi Pay-ге қол жеткізуді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салады, ал Kaspi Pay шарты кабинетке тек серіктестің қызметкерлерінің кіруіне рұқсат береді. Пайдаланушы Kaspi сервис арқылы қосылған кассирді шектеуі не бұғаттауы мүмкін екенін түсінеді және бұл тәуекелді өзі көтереді.
- Kaspi өз қосымшаларын, ережелері мен тарифтерін Оператордың қатысуынсыз өзгертеді. Kaspi қосымшаның жаңа нұсқасын талап еткенде Сервис уақытша (әдетте 1–2 сағатқа) тоқтауы мүмкін.
- Kaspi әр сатылымнан өз тарифі бойынша комиссия алады. Бұл комиссия Сервистің бағасына кірмейді және Оператордың пайдасына түспейді.
4. Пайдаланушының міндеттері
- Тіркелуде және кассаны қосуда шынайы дерек беру.
- API кілттерін және webhook құпиясын құпия ұстау; олар жария болса, кабинетте бірден ауыстыру.
- Кассир нөмірімен Kaspi Pay қосымшасына кірмеу (әйтпесе Сервистегі сессия үзіледі).
- Сервисті Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін тауарлар мен қызметтерді сату үшін пайдаланбау.
- Салық, фискалдық чек және тұтынушылар құқығы жөніндегі міндеттерді өзі орындау.
- Кабинет командасына тек өз қызметкерлерін шақыру. Қызметкерлердің кабинеттегі әрекеттері Пайдаланушының әрекеті болып саналады.
- Автотөлемге Kaspi шотын кесте бойынша алуға және аты мен нөмірін өңдеуге келіскен клиенттерді ғана қосу.
5. Бизнесті тексеру
- Оператор кассаны қосу мен нақты төлем қабылдаудың алдында Пайдаланушыдан бизнес анкетасын толтыруды талап ете алады: не және кімге сатады, дүкені қайда, клиенттері қайдан келеді, дүкеннің скриншоттары.
- Оператор анкетаны тексеріп, мақұлдайды, түзетуді сұрайды не қабылдамайды. Анкета мақұлданғанша тек тест режимі жұмыс істейді. Тексеру мерзіміне кепілдік берілмейді.
- Пайдаланушы тыйым салынған тауар не қызмет сатса, жалған дерек берсе не Kaspi ережелерін бұзса, Оператор қосудан бас тарта алады не мақұлдауды кейін кері қайтара алады — онда Сервис нақты төлем жасауды тоқтатады. Себебі кабинетте көрсетіледі.
- Бұл кезде тест режимі мен төлемдер тарихы қолжетімді қалады.
6. Баға және төлем
- Kaspi кассасы алғаш қосылғаннан кейінгі алғашқы 7 күн — тегін.
- Одан кейін — әр 30 күнге 10 000 ₸, транзакция саны мен сомасына шектеусіз. Төлем алдын ала, кабинеттегі Kaspi QR арқылы жасалады; автоматты түрде ақша алынбайды.
- Төлем болмаса, тегін кезең не төленген кезең біткен соң 3 күннен кейін API жаңа төлем жасауды тоқтатады. Кабинет пен тарих қолжетімді қалады.
- Пайдаланушы Сервисті кез келген уақытта тоқтата алады — келесі кезеңге төлемеу жеткілікті. Төленген кезең үшін ақы, заңда өзгеше көзделмесе, қайтарылмайды.
7. Жауапкершілік
- Оператор Kaspi-дің әрекеттеріне (кассирді шектеу не бұғаттау, ережелер мен тарифтерді өзгерту, Kaspi жүйелерінің іркілісі) жауап бермейді.
- Оператор Пайдаланушының сайты, тауары не сатып алушымен қатынасы үшін жауап бермейді.
- Кез келген жағдайда Оператордың жауапкершілігінің жалпы мөлшері талап туындаған айда Пайдаланушы төлеген жазылым ақысымен (10 000 ₸-ден аспайды) шектеледі.
8. Дербес деректер
Дербес деректер құпиялылық саясатына сәйкес өңделеді. Дерекқор Қазақстан Республикасының аумағындағы серверде орналасқан.
9. Бұғаттау және тоқтату
- Оператор осы оферта бұзылса не заң талап етсе, Пайдаланушының аккаунтын себебін көрсетіп бұғаттай алады.
- Пайдаланушы аккаунтты өшіруді мекенжайына жазып сұрай алады.
10. Офертаны өзгерту және даулар
- Оператор офертаны өзгерте алады; жаңа редакция осы бетте жарияланып, кабинетте хабарланады. Жаңа редакциядан кейін Сервисті пайдалану оны қабылдау болып саналады.
- Даулар келіссөз арқылы шешіледі, келісім болмаса — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта.