Нөлден бастау: қадамдап нұсқаулық
Тіркелуден нақты төлем қабылдауға дейін. Сіздің әрекеттеріңіз — шамамен 15 минут (бөлек SIM-карта қолыңызда болса).
-
Тіркелесіз 1 минут
Телефон нөміріңізді жазасыз, WhatsApp-қа келген бір реттік кодты енгізесіз, сосын ИП не ТОО атауыңызды жазып, офертаға келісесіз. Құпиясөз жоқ — кейін кіру де нөмір мен WhatsApp коды арқылы.
-
Бизнес анкетасын толтырасыз 5 минут
Не сататыныңызды, клиенттеріңіз кім екенін жазып, дүкеннің скриншотын қосасыз. Жіберген бойда касса мен нақты төлем ашылады — тексеруді күтудің қажеті жоқ. Анкетаны біз кейін қараймыз: тек заңды бизнесті қосамыз.
-
Kaspi Pay-де кассир қосасыз 5 минут
Kaspi Pay қосымшасында «Қызметкерлер» бөліміне бөлек SIM-картамен жаңа кассир-қызметкер қосасыз. Бұл бөлек нөмір болуы керек: сіздің негізгі Kaspi нөміріңіз емес.
Сол кассир нөмірімен Kaspi Pay қосымшасына ешқашан кірмеңіз — әйтпесе сайттағы касса сессиясы үзіледі.
-
Кассаны қосасыз 2 минут
Кабинеттегі «Касса» бетінде кассир нөмірін жазасыз. Kaspi сол нөмірге SMS код жібереді — оны кассирден сұрап, енгізесіз. Сосын Kaspi көрсеткен ұйым атауы мен БСН/ЖСН-ді растайсыз.
7 күн тегін кезең осы сәттен басталады.
-
Сайт жасайсыз 1 минут
Кабинеттегі «Сайттар» бетінде сайт қосасыз. Екі кілт аласыз: нақты төлемге (qk_live_…) және тестке (qk_test_…). Кілттер бір рет қана көрсетіледі — сақтап қойыңыз.
-
Төлем қабылдауды таңдайсыз
Сайтсыз да болады: төлем сілтемесі (WhatsApp/Instagram-ға), кабинеттен шот не QR, кассаға басып шығаратын статикалық QR. Сайтыңыз болса: «Kaspi арқылы төлеу» батырмасы не WooCommerce плагині. Бағдарламашы болса: API мен webhook.
-
Клиент төлейді — ақша сізге түседі
Клиент Kaspi QR-мен немесе Kaspi-ге келген шотпен төлейді. Ақша тікелей сіздің Kaspi шотыңызға түседі — біз ақша ұстамаймыз. Кабинетте төлем «Төленді» болып шығады, сайтыңызға қолтаңбалы хабар (webhook) келеді.
Kaspi өз комиссиясын бөлек алады (Kaspi тарифі), қалғаны сізге түседі.
-
Жазылым
7 күн тегін — карта деректері сұралмайды, ақша автоматты түрде алынбайды. Одан кейін айына 10 000 ₸. Кабинеттегі «Жазылым» бетінде Kaspi QR не Kaspi шоты арқылы өзіңіз төлейсіз.
Төлемесеңіз, сервис тағы 3 күн жұмыс істейді, сосын жаңа төлем жасалмайды, бірақ кабинет пен тарих ашық қалады.
Дайынсыз ба?
7 күн тегін — карта деректері сұралмайды.